Фото «Заң мен тәртіп» конкурсы

20.05.2026

II Халықаралық "Заң мен тәртіп" фотобайқауы басталды

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
🔹1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі"
🔹2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар"
🔹3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады"
📅 Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.
✉️ Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru
📌 Қатысу талаптары:
✔️ Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
✔️ Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
✔️ Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
✔️ Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
🏆 Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Просмотров: 227

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст